Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Саммит Әзербайжан Астанасы Баку қаласында өтіп жатыр.
Еске салайық, кеше, 2026 жылғы 14 қазанда Мемлекет басшысы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің 7-саммитіне қатысу үшін Баку қаласына жұмыс сапарымен барғанын хабарлаған едік. Қасым-Жомарт Тоқаевты Баку әуежайынан Әзербайжан Премьер-министрінің орынбасары Самир Шарифов күтіп алды.
Ал бүгін, 2026 жылғы 15 қазанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бакуде өтіп жатқан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің 7-саммиті аясында Израиль Президенті Ицхак Герцогпен кездесті.