Тоқаев балалар арасындағы суицид жағдайларына алаңдаушылық білдірді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицид жағдайларына алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Балалар менжасөспірімдер ортасындағы суицид жағдайлары – бәріміз үшін қасірет. «Балаларнеге ондай қадамға барады» деген сұрақ бойынша бәріміз ойлануымыз керек.Өмірлік нақты нұсқамаларды қалыптастыру – айналып келгенде тәрбие беру процесісапасының түпкі талабы болуы тиіс», - деді Президент Тамыз конференциясында.

Қасым-ЖомартТоқаевтың айтуынша, біздің ортақ мақсатымыз – оптимистердің жаңа буынынтәрбиелеу екенін атап өтті.

«Жас буынның жігеріөткір, өмірлік қиындықтарға бекем болуы тиіс. Басқаша болмауы керек», - дедіПрезидент.

Еске сала кетсек,елордадағы Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтыңқатысуымен Тамыз конференциясы өтіп жатыр.

Жиында Мемлекет басшысы төрт жылішінде мұғалімдердің жалақысы екі есе өсетіндігін мәлім етті.

Соңғы жаңалықтар