Тоқаев Байқоңырдың Қазақстан үшін маңызын атады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Байқоңыр – Қазақстанның шын мәнінде ғарыштық мемлекет екенінің куәсі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «31арнада» көрсетілген «Президент 2.0» деректі фильмінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біріншіден,Байқоңыр арқылы Ресеймен тығыз байланыстамыз. Мәскеуде, Кремльдегі таяудаөткен келіссөздер барысында бұл тақырыпқозғалды. В.Путин екі ел арасындағы бұл серіктестікке жақсы қарайды. Соған орайтапсырмалар береді. Осы келіссөздердің нәтижесінде мен «Роскосмос» басшысы Дмитрий Рогозинді қабылдадым», - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті екі елдің арасында болашақта жүзегеасырылатын үлкен жоспарлары бар екендігін атап өтті.

«Байқоңыр – Қазақстанның шын мәнінде ғарыштықдержава немесе ғарыштық мемлекет екенінің куәсі», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан Президенті бүкіл әлем бойынша жер астында болсын,үстінде болсын бір полигонда 450-ден астам жарылыстың болмағандығын атап өтеді.

«Еңбастысы жергілікті тұрғындарға жарылыс туралы, қандай да бір шара қолданутуралы ескерту жасалмаған. Жерді дезактивация жасамаған. Бұл ядролықжарылыстардың зардабы әлі күнге дейін сезіліп келеді. Сондықтан Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Советодағының тұсында-ақ өз Жарлығымен бұл полигонды жабу туралы шешім қабылдаған. Содан бері БҰҰ Басассамблеясының шешімімен 29 тамыз әлем бойынша ядролық қаруды сынауға тыйымсалу күні ретінде аталып өтіледі», - деді Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар