Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің президентін Ұлттық мерекесімен құттықтады

Фото: Ақорда

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктерінің президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян мен оның отандастарын Біріккен Араб Әмірліктерінің Ұлттық мерекесімен құттықтады.

— Президент жеделхатта Араб Әмірліктерінің орнықты дамуды қамтамасыз ету мен қауіпсіздікті нығайту жолындағы беделі жаһандық деңгейде мойындалғанын атап өтті. Сонымен қатар екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдау рухындағы сан қырлы ынтымақтастық халықтарымыздың игілігі үшін қарқынды дами беретініне сенім білдірді, — делінген хабарламада.

Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянның жауапты қызметіне толағай табыс, ал Әмірліктер халқына бақ-береке тіледі. 

Осыған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Палестина Мемлекетінің Жоғары судьясы, Президенттің дін істері жөніндегі кеңесшісі Махмұд әл-Хаббашты қабылдағанын жазғанбыз.