Тоқаев: Бұрын-соңды болмаған геосаяси дауыл жағдайында өмір сүріп жатырмыз

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бейбітшілік пен ынтымақтастыққа деген ортақ ұмтылыс бәрімізді біріктіреді. Бұл туралы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитінде сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бейбітшілік пен ынтымақтастыққа деген ортақ ұмтылыс бәрімізді біріктіреді. Бірақ біздің жасампаз күш-жігерімізге қарамастан, әлем қауіпсіз бола бермейді. Бүгін біз бұрын-соңды болмаған геосаяси дауыл мен әлемдік экономиканың өсіп келе жатқан дағдарысы жағдайында өмір сүріп жатырмыз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы бұл құбылыс қазірдің өзінде «жаһандық дисфункция» деп аталатындығына назар аударды.

«2019 жылы АӨСШК-нің бұған дейінгі саммиті өткізілгеннен бері әлемдік қоғамдастық ауыр сынақтардан өтті. Оның теріс салдары жаһандық дамуға әсер етуді жалғастырып отыр», - деді ҚР Президенті.