Тоқаев: «Достарға – бәрі, қалғандарына – заң бойынша» қағидаты экономикадағы олигаполияны одан әрі күшейтеді
«Мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігі мен қолжетімділігі туралы әділ сұрақтар туындап жатыр. Қалыптасқан жүйе негізінен ірі құрылымдарға «достарға –бәрі, қалғандарына – заң бойынша» қағидатымен қызмет көрсетуге бағдарланған.
Шын мәнінде қазіргі жүйе экономикадағы олигаполияны одан әрі күшейтеді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Еске салсақ, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің отырысында ҚР Премьер-Министрі лауазымына Әлихан Смайыловтың кандидатурасын ұсынып, оны Мәжіліс қабылдады.
Президент жуықта Қазақстанды саяси трансформациялау жөніндегі жаңа ұсыныстарын жариялайтынын айтқан.
Сондай-ақ, ол 7 қаңтарда халыққа жасаған үндеуінде Үкіметке бүгінгі Мәжіліс отырысында натқы тапсырмалар беретінін айтқан еді.
«Үкімет менің 11 қаңтарда Мәжілісте айтатын сөзіме қатысты нақты шешімдер қабылдауы керек», -деген болатын Мемлекет басшысы.