Тоқаев Фидель Кастромен кездесуін еске алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Фидель Кастромен кездесуін еске алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Куба төңкерісінің лидері Фидель Кастро өмірден озды.  Мен онымен 1995  жылы Гаванада кездескен едім. Ол сауалдарға жауап бере келе, қазымырлық танытқан болатын, - деп жазды Сенат спикері өзінің Twitter-дегі парақшасына.

 

  Айта кетер болсақ, бүгін Куба революциясының көшбасшысы Фидель Кастро 90 жасында өмірден озды.

Фидель - кубалық революционер, мемлекеттік және саяси қайраткер. 1926 жылы 13 тамызда дүниеге келген. 1976 жылдың желтоқсан айынан бастап, 30 жыл бойы Куба Мемлекеттік кеңесі мен Министрлер кеңесінің төрағасы болды. Сонымен бірге, Ф.Кастро Революциялық қарулы күштердің бас қолбасшысы және Ұлттық қорғаныс кеңесінің төрағасы  қызметін атқарған. Ал 2006 жылы 31 шілдеде денсаулығының сыр беруіне байланысты өз міндетін Мемлекеттік кеңес пен Министрлер кеңесінің басшысы қызметін өз інісі Рауль Кастроға тапсырған болатын.