Тоқаев қандай қылмыстарға жазаны қатаңдатуды ұсынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар ауыр қылмыс түріне жазаны қатаңдатуды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз сот әділдігінің шамадан тыс қуғын-сүргін және қатаң шараларынан бас тарттық. Дегенмен, елде әлі де болса көптеген ауыр қылмыстар орын алып жатады», - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті заңды ізгілендірумен айналысамыз деп жүріп, адам құқығының негізін қалайтын кейбір мәселелерді назардан тыс қалдырып алғанымызды айтты.

«Жедел түрде жыныстық зорлық-зомбылыққа, педофилияға, есірткі таратуға, адам саудалауға, әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылыққа, тұлғаға әсіресе балаларға қарсы жасалатын өзге де ауыр қылмыстарға жазаны қатаңдату қажет. Бұл менің Парламент пен Үкіметке тапсырмам»,- деді Тоқаев.