«Қаржыны бақылау органдарындағы жемқорлық та жағдайды қиындатып отыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ішкі мемлекеттік аудит мамандарының үрлі шағымдарды қолдан ұйымдастырған фактілерін анықтады. Соның негізінде пайдакүнемдік мақсатпен тексерулер жүргізіп оытрған», - деді бүгінгі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесте Мемлекет башысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев бюджет қаражатының орынды жұмсалуын қадағалауы тиіс мекеменің өздері қолдан ұйымдастырған шағымдарды қараудан қолы тимейтінін сынады.
«Былтыр бір ғана жауапкершілігі шектеулі серіктестіктен осы мазмұндағы 1600 шағым түскен. Оның 900-і расталды. Осыда кейін, әрине, нақты шағымдар еленбей қалады. Сондықтан Үкімет сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және қаржы мониторингі агенттіктерімен бірлесіп, осы саладағы мемлекеттік бақылау жүйесін қоса алғанда, мемлекет пен квазимемлекеттік сектордың сатып алуын реттеу тәсілдерін түбегейлі өзгертуі керек», - деді Президент.