Тоқаев ҚХА-ның 30 жылдық мерейтойы аясында мемлекеттік наградалар табыстады
АСТАНА. KAZINFORM – Халықтар арасындағы бейбiтшiлiктi, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға сiңiрген еңбегi үшiн бір топ азамат мемлекеттік награда алды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
ҚХА-ның 30 жылдық мерейтойы аясында Президент Жарлығымен халықтар арасындағы бейбiтшiлiктi, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға сiңiрген еңбегi үшiн бір топ азамат мемлекеттік наградамен марапатталды. Атап айтқанда:
1. Халықтар арасындағы бейбiтшiлiктi, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға сiңiрген еңбегi үшiн наградталды:
«Парасат» орденімен
Кист Виктор Эдуардович | – | Қазақстан халқы Ассамблеясының ардагері, «Возрождение» Қазақстан немістері бірлестігі» ҚБ төралқасының мүшесі |
Кузиев Закиржан Пирмухамедович | – | Парламент Сенатының депутаты |
Мақсилова Бақытжамал Шаханқызы | – | Қазақстан халқы Ассамблеясының ардагері, Павлодар облысының Аналар кеңесінің төрағасы |
Пуссеп Геннадий Николаевич | – | Қазақстан халқы Ассамблеясының ардагері; |
ІІ дәрежелі «Достық» орденімен
Оборон-Туар Малгожата | – | Қазақстан халқы Ассамблеясының достық елшісі |
Папп Александр Адальбертович | – | Қазақстан халқы Ассамблеясының ардагері |
Презент Григорий Михайлович | – | Қазақстан халқы Ассамблеясының ардагері; |
«Ел бірлігі» орденімен
Алиев Долкунтай Абдулхалилулы | – | «Қазақстан ұйғырларының республикалық мәдени орталығы» ҚБ төрағасы |
Келигов Юсуп Хасанович | – | Қазақстан халқы Ассамблеясының ардагері, «Вайнах» Қазақстан шешендері мен ингуштары қауымдастығы» ЗТБ тең төрағасы |
Киколенко Ольга Андреевна | – | Қазақстан халқы Ассамблеясының ардагері, «Возрождение» Қазақстан немістері бірлестігі» ҚБ мүшесі |
Ташпулатов Бекпулат | – | Қазақстан халқы Ассамблеясының ардагері |
Хочиева Людмила Хисаевна | – | Қазақстан халқы Ассамблеясының ардагері, карачай-балкар ұлттық-мәдени орталығының төрағасы |
Шанаи Нәзипа Ыдырысқызы | – | Қазақстан халқы Ассамблеясының ардагері, Республикалық Аналар кеңесінің төрағасы |
Шин Бронислав Сергеевич | – | Қазақстан халқы Ассамблеясының ардагері, Қазақстан кәрістері қауымдастығының вице-президенті; |
«Құрмет» орденімен
Ахмедов Байрамалы Агабекович | – | «Ахыска» түрік этномәдени орталығы» РҚБ мүшесі |
Вартересян Эрнест Вардович | – | «Масис» Қазақстан армяндары бірлестігі» РҚБ төрағасы |
Дедерер Александр Фёдорович | – | Қазақстан халқы Ассамблеясының ардагері, «Возрождение» Қазақстан немістері бірлестігі» ҚБ төрағасы |
Жақып Қалқаман Хасенұлы | – | Қазақстан халқы Ассамблеясының ардагері, Қостанай облысының Ақсақалдар кеңесінің төрағасы |
Түспекова Құралай Айтқабылқызы | – | Қазақстан халқы Ассамблеясының шығармашылық ұжымдары қауымдастығының төрағасы |
Цеховой Алексей Филиппович | – | Қазақстан халқы Ассамблеясының ардагері, Халықаралық ақпараттандыру академиясының бас директоры |
Шек Юрий Анатольевич | – | Ақтөбе облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары; |
«Шапағат» медалімен
Алибаев Раимжан Артикбаевич | – | «Жанубий Қозоғистон» газетінің бас редакторы |
Джинлир Гащим Мухамедович | – | Жамбыл облысының «Вынхуа» дүнген мәдени орталығы» ҚБ мүшесі |
Доценко Ольга Александровна | – | Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі |
Марабаева Әнел Темірланқызы | – | «Бірлік» ансамблінің көркемдік жетекшісі |
Маштаков Дмитрий Сергеевич | – | Астана қаласы әкімдігінің «М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры» МКҚК актері |
Нұғұманова Анастасия Юрьевна | – | «Сөйле» қазақ тілін оқыту бойынша клубының негізін қалаушы |
Смаилов Рамиль Русланович | – | Павлодар облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары |
Спирина Ольга Сергеевна | – | «Speaking Club» қазақ тілі клубының негізін қалаушы |
Суворов Дмитрий Александрович | – | Ресей дипломаты, қазақ мәдениетін насихаттаушы |
Тен Владислав Валерьевич | – | «Lingva Ten» тіл орталығының негізін қалаушы |
Хван Сергей Валериевич | – | қазақ және ағылшын тілдері бойынша онлайн-мектептің негізін қалаушы |
Цой Светлана Владимировна | – | модельер, «DaraLace» шығармашылық үйінің негізін қалаушы |
Юнусов Равиль Александрович | – | «Ассамблея жастары» РҚБ Шығыс Қазақстан облысы бойынша өкілдігінің басшысы. |
Айта кетейік, бұған дейін Ақорданың баспасөз қызметі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында сөйлеген сөзін жариялады.