Президент қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы заңға қол қойды

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы Еуропа конвенциясын ратификациялады. Құжат қылмыстық істер бойынша халықаралық құқықтық ынтымақтастықты күшейтуге бағытталған. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Фото: Ақорда

— Мемлекет басшысы «Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы Еуропа конвенциясын ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, — делінген хабарламада.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Еске сала кетейік, 1959 жылы 20 сәуірде Страсбургте жасалған Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы еуропалық конвенцияны ратификациялау туралы заң жобасы да бірінші оқылымда қаралған.

Конвенцияға қосылу Қазақстанға еліміздің құқық қорғау органдарының өндірісіндегі қылмыстық істер бойынша дәлелдемелер алуға және заңсыз жолмен алынған шетелге шығарылған активтерді елге қайтаруға мүмкіндік береді. Бұл қылмыстық істерді, соның ішінде трансұлттық қылмыспен байланысты істерді тергеудің жеделдігі мен тиімділігін арттырады.

Құжатта ұсынылған талаптар қызмет көрсету саласын, соның ішінде қаржылық қызметтерді реттеудің жалпы негіздерін белгілейді. Қағидаларда өтінімдерді беру рәсімдері мен оларды қарау мерзімдерін жеңілдету, өтінімдерді және рұқсат құжаттарын электронды түрде беру мүмкіндіктері бойынша ұсынымдар қамтылған.