«Осы жаздың басында менің Жарлығыма сәйкес Үкімет Адам құқығын қорғау жөніндегі кешенді жоспарды бекітті. Осы маңызды құжат Қазақстанда адам құқығын қорғау жүйесін одан әрі жетілдіру үшін ұзақ мерзімді институттық негіз қалыптастырады. Атап айтқанда, кешенді жоспар қабылданғаннан кейін гендерлік теңдікті қамтамасыз ету үшін белсенді жұмыс басталды», - деді Мемлекет басшысы.
Президенттің айтуынша, осыған орай әйелдердің қоғамдағы экономикалық және саяси ұстанымын барынша қолдауды қамтамасыз еткен жөн.
«Бұл жұмысқа Президент Әкімшілігі жауапты. Отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасына да өзгерістер енгізген жөн», - деді Қ. Тоқаев.