НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Көп балалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына 5 мың білім гранты бөлінеді. Бұл туралы бүгін Ақордада БАҚ өкілдеріне ҚР Президентінің сыйлықтары мен гранттарын табыстау рәсімінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Биылғы жылдың 1 қыркүйегінде аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балалары үшін жоғары оқу орындарына қосымша 5 мың білім гранты бөлінетін болады. Әзірше 5 мың, одан кейін бұл жүйе жұмыс істейтін болса, көре жатармыз», - деді Қ.Тоқаев.
Мемлекет басшысы бұл жұмыстың маңызды элементі әлеуметтік аз қамтылған халықтың ішінен талантты балалар мен жасөспірімдерді оқыту және жоғары оқу орындарына түсуге дайындау жүйесі болатындығын баса айтты.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.