«Дональд Трамп Қазақстанды Корей түбегін денуклеаризациялау жөніндегі әріптесі деп атады. Тарихи маңызды сапар!», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Туиттер парақшасында.
«Президент Нұрсұлтан Назарбаевты Вашингтон айрықша ықыласпен қабылдап, Дональд Трамп «зор құрметке ие» лидер деп атады. Өз елінде де, халықаралық қоғамдастықта да еңбегі еленген Қазақстан көшбасшысына лайықты баға берілді», - деді Сенат спикері.