Ақпаратты БерікУәли агенттік тілшісіне растады.
Павлодардағы «Версия» газетінің бас редакторы болған ЯрославГолыщкин 2015 жылдың 30 қазанында бопсалау және кәмелет жасына толмаған тұлғаныауыр қылмысқа тарту баптары бойынша сот шешімімен 8 жылға бас бостандығынанайырылып, бүкіл мүлкі тәркіленген болатын.
Ал Шымкент қаласындағы «Лайықты еңбек» кәсіподаққозғалысының жетекшісі болған Ерлан Балтабай бөтеннің сеніп тапсырған мүлкіниелену бабы бойынша 7 жылға сотталып, қоғамдық ұйымдар мен коммерциялық емесұйымдарды басқару құқығынан айырылған. Оған кәсіподаққа тиесілі 10,8 млн теңгені жымқырды деген айып тағылып,сот кінәлі деп шешкен болатын.