Тоқаев мұғалімдерді әкімдердің негізсіз шараларынан қорғауды тапсырды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Педагогтарға қысым болмауы тиіс. Бұл туралы бүгін Тамыз конференциясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нақтымысал - 2018 жылы »сертификаттаудың« өткізілуі. Нәтижесіндепедагогтардың 35 пайызы шекті деңгейден өте алмай қалды. Мұғалімдердің дайындықдеңгейін бағалаудың оң идеясы салғырттықпен әрі біржақты жүзеге асырылды.Мұндай бейіндегі квазиреформалар мұғалім мамандығы мәртебесінің төмендеуінеалып келеді. Педагогтардың еңбек жағдайлары да бақылаушы құрылымдарға арналғанесептердің үнемі ұлғаюынан айтарлықтай нашарлай түседі», - деді Мемлекетбасшысы.

ҚазақстанПрезиденті педагогтар мен оқушыларға жаңартылған білім мазмұны аясындағыбілімді бағалау жүйесі де психологиялық жүктеме болып отырғандығын баса айтты.

«Теріснәтиже болған жағдайда педагог оқу орнының басшылығы тарапынан қысымға ұшырапжатады. Себебі төмен баға мектепрейтингіне теріс әсерін тигізеді. Бағалау жүйесінің қажет екендігі сөзсіз.Бірақ, бұл жерде салмақты әрі объективті қарау керек. Бұған қоса, педагогтарға қысымды болдырмау қажет. Жергіліктіәкімдіктердің өздерінің өкілеттіктерін жиі асыра пайдаланып, білім беружүйесіне ешқандай қатысы жоқ түрлі шараларға, әкімшілік мақсаттарғамұғалімдерді жұмылдыру тәжірибесі де тиылмай отыр. Үкіметке аталғанпроблемаларды шешу бойынша шұғыл, тіпті түбегейлі шаралар қабылдаудытапсырамын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.