АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Илияна Йотованы Болгария Республикасының Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады.
— Сайлаудағы жарқын жеңісіңіз — халқыңыздың Сізге артқан жоғары сенімі мен еліңіздің дамуын баянды етуге бағытталған игі бастамаларыңызға көрсеткен қолдауының айқын көрінісі екені сөзсіз, — делінген құттықтау хатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев Илияна Йотованың жауапты қызметіне сәттілік, ал достас Болгария халқына құт-береке тіледі.
Еске салайық, бұған дейін қазіргі мемлекет басшысы Ильяна Йотова Болгариядағы президенттік сайлаудың екінші кезеңінде жеңіске жетіп, ел президенті болып сайланған алғашқы әйел атанғанын хабарлаған едік.
Мейірман Лес
Еуразия ұлттық және Қазақ ұлттық университеттерін бітірген. Республикалық "Ұлан" газетінде, Baribar.kz, Holanews.kz, Zakon.kz, Tengrinews.kz, Massaget.kz, Ulysmedia.kz порталдарында журналист, продюсер, шығарушы/шеф/бас редактор қызметтерін атқарған. 2025-2026 жылдары Kazinform агенттігінің Алматыдағы меншікті тілшісі болып еңбек етті, қазір қазақ редакциясының шығарушы редакторы.