«Кейінгі жылдардың ішінде Қазақстан мемлекеттік Орталық Азия мемлекеттерімен және Ресеймен жоғары оқу орындары арасындағы өзара байланысты белсенді дамытып отыр. Ресей Федерациясымен жоғары оқуорындары арасындағы байланыстардың жоғары деңгейге шыққанын айрықша атағым келеді. Қазақстандық студенттер Мәскеу инженерлік-физикалық институты мен И. М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университеті сияқты біздің елде филиалдарын ашқан екі жетекші ресейлік жоғары оқу орнында білім алуға мүмкіндік алды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Ресей» форумында.
Президенттің пайымынша, бәсекенің артуы әріптес елдердегі жоғары білім сапасының артуына түрткі болмақ.
«Білім саласындағы әріптестікті одан әрі тереңдетудегі мақсатымыз – Қазақстан мен Ресей ЖОО ректорларының тұрақты формуын өткізу бастамасын қолдау. Бұл форматқа Орталық Азияның өзге мемлекеттерінің де қосылу мүмкіндіктерін қарастыру пайдалы болар еді деп санаймын», - деді Мемлекет басшысы.
Айта, кетейік саммитке Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Ресей президенттері келді, олар алтыжақты форматтағы ынтымақтастықтың келешегін талқылап жатыр.