«Орталық Азия халықтарының тарихи және мәдени мол мұрасын насихаттауды бірлескен жұмыстың маңызды бағыты деп санаймын. Осы орайда этногеографиялық және тарихи зерттеулерді ұйымдастыру, сондай-ақ ғылыми еңбектерді жариялау мақсатымен елдеріміздің Ғылым академиялары арасында тығыз байланыс орнату ұсынылады. Ұлттық архив орталықтары мен кітапханалардың ынтымақтастығы негізінде архив және зерттеу мәліметтерін алмасу үшін Біріккен онлайн-платформа құруды ұсынамын. Бұл ғылым саласындағы кооперацияны тереңдетуге мүмкіндік береді. Бүкіл аймаққа зиян келтіретін ақпараттық кеңістіктегі жағымсыз құбылыстардың алдын алу үшін күш-жігер біріктірген жөн. Бұл жұмыстардың мақсаты – достығымызға сызат түсірмеу», - деді Қазақстан Президенті Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуінде.
13:15, 21 Шілде 2022
Тоқаев Орталық Азия елдеріне Ғылым академиялары арасында тығыз байланыс орнатуды ұсынды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдеріне Ғылым академиялары арасында тығыз байланыс орнатуды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.