Тоқаев пен ІІ Абдалла келіссөзі: Үкіметаралық және коммерциялық келісімдерге қол қойылды

Фото: Ақорда

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан мен Иордания арасында бірқатар маңызды құжаттар қабылданды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Иордания Королі ІІ Абдалла бен әл-Хусейн жүргізген келіссөздерден кейін екі ел делегацияларының мүшелері қол қойылған үкіметаралық және коммерциялық құжаттармен алмасты, — делінген хабарламада.

Фото: Ақорда

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Иордания Королін қарсы алды.

Президент Қазақстан Иорданиямен өзара тиімді серіктестікті ілгерілетуге айрықша мән беретінін айтты.

Фото: Ақорда

Өз кезегінде Иордания Королі Қазақстанның бейбітшілік пен тұрақтылықты ілгерілету жолындағы рөлін жоғары бағалайтынын атап өтті.

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Тоқаев пен Король ІІ Абдалла шағын құрамда келіссөз жүргізді.

Фото: Ақорда

Осыған дейін Иордания Королі ІІ Абдалла Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Иордан Хашимит Корольдігінің «Әл-Нахда» жоғары орденін тапсырды.