Қазақстан және Иран басшылары бір-бірін Құрбан айтпен құттықтады
14:33, 05 Маусым 2025
АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Иран Президентімен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Президенттер бірін-бірі барша мұсылман қауымы үшін қасиетті Құрбан айт мейрамымен құттықтады.
— Қасым-Жомарт Тоқаев пен Масуд Пезешкиан екі елдің достыққа, тату көршілікке негізделген қарым-қатынасы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Әңгімелесу барысында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтудің перспективасы қарастырылды, — делінген хабарламада.
Сонымен қатар, тараптар алдағы кездесулердің кестесін талқылады.
Осыған дейін Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылық құрамымен жиын өткізгенін жаздық.