Президент баспасөз қызметінің мәліметінше, мемлекеттер басшылары түрлі саладағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту перспективаларын стратегиялық серіктестік пен одақтастық пейілде талқылады.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Самарқанд қаласында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінің күн тәртібін қарастырды.
Фото: akorda.kz