Тоқаев пен Орбан Мажарстан мен Германия арасындағы футбол матчын тамашалады

Фото: Фото: Ақорда

АСТАНА. KAZINFORM – Қасым-Жомарт Тоқаев пен Виктор Орбан Мажарстан мен Германия құрамалары арасындағы футбол матчын тамашалады. 

Будапешт қаласына мемлекеттік сапармен келген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбанмен бірге Puskas Arena Park стадионына барды. Онда УЕФА Ұлттар лигасы аясында өтіп жатқан Мажарстан мен Германия құрамалары арасындағы кездесуді көрді. 

Фото: Ақорда

Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысының Сербияға ресми сапары аяқталғанын, сондай-ақ Қазақстан Президентінің Мажарстанға мемлекеттік сапармен барғанын жазған едік.