Мемлекет басшысының Сербияға ресми сапары аяқталды

БЕЛГРАД. KAZINFORM — Белград әуежайынан Қасым-Жомарт Тоқаевты Сербия Премьер-министрі Милош Вучевич шығарып салды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Тоқаев
Фото: Ақорда

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Сербия сарайының алдындағы алаңда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті.

Кейіннен Мемлекет басшысы Сербия Президентімен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді.

президенттің ұшағы
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Александр Вучич Белград Қазақстанмен экономикалық ықпалдастықты одан әрі тереңдетуге ниетті екенін атап өтті.

Тоқаев
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Сонымен қатар, Жоғары деңгейдегі келіссөздерден кейін Қазақстан мен Сербия президенттері бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арнап брифинг өткізді.

Сербия Премьер-министрі Милош Вучевич
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Бұдан бөлек, Президенттің Сербияға ресми сапары аясында 10 құжатқа қол қойылды.

Соңғы жаңалықтар