Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметі бойынша, жоғары оқу орнының филиалы талапкерлерді 2025 жылдың қыркүйегінен бастап қабылдайды. Қазақстан мен Ресей Үкіметі студенттерді оқыту үшін 200 білім беру грантын бөлуді қарастырған.
Мұнда «Халықаралық құқық», «Қазақ филологиясы» және «Кеден ісі» сияқты білім беру бағдарламалары бойынша бакалаврлар мен магистранттарды даярлайды. Болашақта қос дипломды білім беру бағдарламасы жүзеге асырылмақ.
Дәрістер қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізіледі деп жоспарланған.
Сондай-ақ, шетелдік ғалымдарды да білім беру процесіне тарту көзделіп отыр.