Шоқан Уәлиханов — қазақ халқының тұңғыш ғалымы, этнограф және саяхатшы. Биыл Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл толып отыр. Оның ғылыми және ағартушылық қызметі қазақ халқының рухани дамуына зор әсер етті.
Шоқан алғашқы сауатын ауыл молдасынан ашып, кейін Омбы кадет корпусында білім нәрімен сусындады. Бұл оқу орнында ол орыс және батыс әдебиетімен, ғылыми жетістіктерімен танысып, бірнеше шет тілін меңгерді. Замандастары оның білімге деген ерекше құштарлығын және зеректігін атап өткен.
Шоқан өз заманының әлеуметтік өзгерістерін терең түсінді. Халықтың білім мен ғылым арқылы өркениетке ұмтылуы — оның негізгі арманы болды. Петербургте болған кезінде ол орыс зиялыларымен, соның ішінде жазушы Федор Достоевскиймен жақын байланыс орнатты.
Айта кетейік, Президент Қазақстан–Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысу үшін Омбыға барды.
Президент майдангер Кемел Тоқаевқа арналған ескерткіш тақтаға гүл шоғын қойды.
Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесті. Кездесу барысында мемлекеттер басшылары екіжақты күн тәртібіндегі ауқымды мәселелерді талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге Омбы төрінде қонақжайлық танытқаны үшін алғыс айтты.
Мемлекет басшысы Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты реттеу мәселесіне қатысты өз ұстанымын жеткізді.
Одан кейін Мемлекет басшысы XXII Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты.