«Түркиядағы Ресей елшісін өлтіру - Сириядағы жағдайды тұрақтандыруға кедергі жасауға бағытталған теракт, зардабы ауыр оқиға», - деп жазды ол өзінің твиттердегі парақшасына.
Бұдан бұрын ҚР Сыртқы істер министрлігі Түркияда Ресей Елшісі Андрей Карловқа шабуыл жасалуына байланысты мәлімдеме жасаған болатын.
Еске сала кетсек, түрік елінде фотокөрменің ашылу салтанатында құттықтау сөз сөйлеп тұрған РФ Елшісі Андрей Карловқа қарулы шабуыл жасалып, ол ауруханада көз жұмды.