Тоқаев Республика күніне арналған мерекелік концертті тамашалады
АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған мерекелік концертті тамашалады.
Фото: Ақорда
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған «Жаңа дәуір — жаңа белес» атты мерекелік концертке барды.
Фото: Ақорда
«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры сахнасында елімізге танымал әртістер мен шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті.
Фото: АқордаФото: АқордаФото: АқордаФото: Ақорда
Еске салайық, бұған дейін Президент Республика күнінің қарсаңында ел дамуына үлес қосқан азаматтарды марапаттағанын хабарлағанбыз.
Еуразия ұлттық және Қазақ ұлттық университеттерін бітірген. Республикалық "Ұлан" газетінде, Baribar.kz, Holanews.kz, Zakon.kz, Tengrinews.kz, Massaget.kz, Ulysmedia.kz порталдарында журналист, продюсер, шығарушы/шеф/бас редактор қызметтерін атқарған. 2025-2026 жылдары Kazinform агенттігінің Алматыдағы меншікті тілшісі болып еңбек етті, қазір қазақ редакциясының шығарушы редакторы.