АСТАНА. KAZINFORM — Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысады.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
— Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін «Аваза» кешеніне барды, — делінген хабарламада.
Мемлекет басшысын Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов қарсы алды.
Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанға жұмыс сапары аясында Сердар Бердімұхамедовпен кездескенін хабарлағанбыз.
Сондай-ақ ТМД мемлекеттері басшылары ұлттық тағамдар фестивалін тамашалағанын жазғанбыз.
Мейірман Лес
Еуразия ұлттық және Қазақ ұлттық университеттерін бітірген. Республикалық "Ұлан" газетінде, Baribar.kz, Holanews.kz, Zakon.kz, Tengrinews.kz, Massaget.kz, Ulysmedia.kz порталдарында журналист, продюсер, шығарушы/шеф/бас редактор қызметтерін атқарған. 2025-2026 жылдары Kazinform агенттігінің Алматыдағы меншікті тілшісі болып еңбек етті, қазір қазақ редакциясының шығарушы редакторы.