«Кен өндіру саласындағы ірі кәсіпорындардың табысы артқанымен азаматтарымыздың жалақысы айтарлықтай өспегенін көріп отырмыз. Халықтың әлеуметтік жағдайы туралы айтылып отырғандықтан Үкімет бұл мәселеге қатысты табандылық танытуы керек. Үкіметке еңбекақы төлеу қорын арттыру үшін жұмыс берушілерді ынталандыру мәселесін пысықтауды тапсырамын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
12:02, 02 Қыркүйек 2019
Тоқаев: Үкімет еңбекақы төлеу қорын арттыру үшін жұмыс берушілерді ынталандыруды пысықтауы тиіс
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Үкімет еңбекақы төлеу қорын арттыру үшін жұмыс берушілерді ынталандыру мәселесін пысықтау тиіс. Бұл туралы бүгін Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.