«Үкіметке жаз мезгілінде пойыз билеттерінің тапшылығын қолдан жасауды тоқтату туралы тапсырма бердім. Бұл жағдай азаматтарымызға қолайсыздық туғызып, еліміздегі ішкі туризмнің дамуына кедергі келтіріп отыр», деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында.
Еске сала кетсек, «Жолаушылар тасымалы» АҚ 1 шілдеден бастап электронды теміржол билеттерін сатудың жетілдірілген жүйесін іске қосты. Сондай-ақ компания билеттердің алдын ала сатылуына қатысты түсінік берген болатын.