— Баршаңызға Вице-президент пен Премьер-министрдің кандидатураларына қолдау білдіргендеріңіз үшін зор ризашылығымды білдіремін. Алдымызда тұрған мақсат-міндеттер көп, ауқымды жұмыс бар. Бәріміз еліміз үшін, халқымыз үшін табанды еңбек етуміз керек. Біздің Қазақстаннан басқа Отанымыз жоқ. Халқымыздың бізге жүктеген қызметі өте жауапты, абыройлы деп айтуға болады. Мұны қасиетті парыз деуге күмәнсіз болады. Халықтың осы сенімін ақтау үшін бәріміз лайықты қызмет етейік, бәріміз. Баршаңызға сәттілік тілеймін, — деді Құрылтайдың жалпы отырысында Мемлекет басшысы.
Айта кетейік, Құрылтай отырысында депутаттар Вице-президент лауазымына ұсынылған Ерлан Қариннің кандидатурасын қолдады.
Сонымен қатар Олжас Бектеновтің Премьер-министр лауазымына тағайындалуына келісім берді.