«Президент Владимир Путинмен сауда-экономикалық қатынастарды дамыту мәселелері жөнінде сөйлестім. Украинадағы жағдай бойынша келіссөздер арқылы келісімге келу аса маңызды екенін айттым» деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында.
Еске сала кетейік, кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескенін хабарлаған болатынбыз.
Мемлекеттер басшылары екі елдің экономикалық жағдайы мен сауда-экономикалық саладағы екіжақты ынтымақтастық жөніндегі мәселелерді талқылады.