«Осы жағдайларда геостратегиялық шиеленістер бізден өзара сенімді нығайту, өңірдегі тұрақтылықты, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін одан да көп күш-жігерді талап етеді. Айта кету керек, ТМД-да күштік және құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылының теңдестірілген жүйесі құрылды. Қауіпсіздік саласындағы тұжырымдамалық құжаттар қабылданды. Сонымен қатар, біз жаңа тәуекелдер мен қауіптерге ден қою үшін алдын алу шараларын жедел әзірлеуіміз қажет», - деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан терроризм мен экстремизмге қарсы күрестегі ынтымақтастықтың ұйымдық-құқықтық тетіктерін жетілдіру бойынша ТМД мемлекеттерінің бірлескен тәсілдерімен бөлісетіндігін айтты.
«Біз бүгін қабылданатын экстремизмге қарсы күрес бағдарламасының міндеттерін іске асыру бойынша тығыз үйлестірілген жұмысқа дайындығымызды білдіреміз», - деді ҚР Президенті.
Фото: t.me/bort_01