«Жанар-жағар майдың жетіспеушілігі мен қымбаттауы мәселесін Үкімет түйткілді ахуалға сапалы талдау негізінде жүйелі және түпкілікті шешуі қажет», - деп жазды Сенат төрағасы Туиттердегі парақшасында.
Еске сала кетсек, елдегі жанармай мәселесіне қатысты өткен Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев еліміздің Энергетика вице-министрі Әсет Мағауовты , «ҚазМұнайГаз» вице-президенті Данияр Берлібаевты қызметтерінен босатты, сондай-ақ Энергетика министрі Қанат Бозымбаевқа сөгіс беру үшін Елбасына ұсынысхат жолдады.