Тоқаевтың бастамасы американдық саяси талдаушының назарын аударды

Фото: Ақорда

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ-тың Вашингтон қаласында өткен Бейбітшілік кеңесінің отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөйлеген сөзі ең ірі американдық саяси комментаторлардың бірі – Аарон Рупардың назарын аударды, деп хабарлайды Kazinform.

Рупар видеожазба жариялап, онда Мемлекет басшысы АҚШ Президенті Дональд Трамп атындағы арнайы марапатты бекітуді ұсынғанын көрсетті. Сөйлеу үзіндісі әлеуметтік желі X платформасында тез тарап, шетелдік қолданушылар мен БАҚ арасында қызу талқылауға себеп болды.

Аарон Рупар – ықпалды тәуелсіз талдаушы, оның жарияланымдары АҚШ БАҚ-тарында жиі дәйектеліп, саяси аналитикада жиі қолданылады.

Фото: Видеодан скрин

Рупардың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесіне деген қызығушылығы Қазақстанның бастамасын кең халықаралық ақпарат контекстіне шығарды және оны ресми дипломатиялық арналардан тыс қосымша резонансқа ие етті.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысында сөз сөйледі.

Тоқаев Бейбітшілік кеңесі көпжақты күш-жігердің әлеуетін арттыратын, заман талабына сай ұйым екенін айтты.

Мемлекет басшысы Президент Трамп атындағы арнайы награданы бекітуді ұсынды.

Сонымен қатар, Қазақстан 5 жыл ішінде 500-ден аса палестиналық студентке білім грантын бөлетіні белгілі болды.

Бейбітшілік кеңесі барысында Газаның дамуы мен инфрақұрылымын қалпына келтіру жоспары таныстырылды.