Тоқаевтың қолынан мемлекеттік наградалар алған педагогтар кімдер

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Тамыз конференциясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар педагогқа мемлекеттік наградалар табыстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Енді бүгінгіжиынның маңызды бөлігіне көшейік. Біздің арамызда еліміздің білім беру саласындамытуға айрықша үлес қосқан мектеп мұғалімдері отыр. Өз ісін адал атқарыпжүрген азаматтарды мемлекеттік наградалармен марапаттағым келеді», - депатап өтті Мемлекет басшысы.

Осыдан кейінҚасым-Жомарт Тоқаев отандық білімді дамытудағы еңбегі және қоғамдық белсенді қызметі үшін «Құрмет» орденіменПавлодар қаласындағы дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебі физика пәнініңмұғалімі Анатолий Белиданы, Алматы облысы,Іле ауданы, М.Мақатаев атындағы №13 жалпы орта білім беру мектебі тарих пәнініңмұғалімі Гүлнәр Кәзербаеваны, «Ерен еңбегі үшін» медалімен Түркістаноблысы, Кентау қаласы Ахмад Югнаки атындағы жалпы орта білім беру мектебіматематика пәні мұғалімі Дәнегүл Қуатбекті, Орал қаласының Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейі қазақ тілі менәдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлзихан Тасқаринаны, «Шапағат» медаліменҚарағанды қаласының Н.Нұрмақов атындағы дарынды балаларға арналған облыстықмамандандырылған мектеп-интернаты математика пәнінің мұғалімі ЕкатеринаНепрукты марапаттады.


Соңғы жаңалықтар