ТОКИО. ҚазАқпарат - Жапония астанасы Токио қаласында өтіп жатқан Жазғы Олимпиадада 1 тамызда қазақстандық спортшылардың қатысуымен болатын ойын кестесі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
1 тамызда қазақстандықтар спорттың төрт түрінен сайысқа түседі. Олардың қатарында грек-рим, еркін күрес, жеңіл атлетика және бокс бар.
08:00 Грек-рим күресі. Ерлер. 1/8 финал. 60 келі. Мирамбек Айнағұлов - Жоламан Шаршенбеков (Қырғызстан)
08:00 Еркін күрес. Әйелдер. 1/8 финал. 76 келі. Эльмира Сыздықова - Айпери Медеткызы (Қырғызстан)
08:17 Жеңіл атлетика. 400 метрге жүгіру. Ерлер. Іріктеу кезеңі. Михаил Литвин
15:18 Бокс. Ерлер. 1/4 финал. Әбілхан Аманқұл - Эберт Соуза (Бразилия)
16:24 Бокс. Ерлер. 1/4 финал. Қамшыбек Қоңқабаев - Иван Верясов (Ресей)
Айта кетсек, Қазақстан құрамасында қоржынында қазір үш қола медаль бар. Оны дзюдошы Елдос Сметов, ауыр атлеттер Игорь Сон мен Зульфия Чиншанло алды. Медальдар кестесі жөнінен Қазақстан әзірге 66-орында тұр.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.