ТОКИО. ҚазАқпарат - Токио Олимпиадасында қазақстандық Данияр Қайсанов (74 келі) еркін күрестен жартылай финалда ресейлік Заурбек Сидаковпен кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Айта кетсек, Олимпиадада Данияр бұған дейін жапониялық Отогуро Кейсуке және мысырлық Әмір Реда Хуссеннен 8:5 есебімен басым түсті.
Данияр Қайсанов 2019 жылы әлем чемпионатында қола жүлдегер болса, 2018 жылы Азия ойындарында күміске қол созды.
Азия чемпионатында 2018 жылы күмістен алқа тағып, 2019, 2020 жылдары алтын алды.
Заурбек Сидаков 1996 жылдың 14 наурызында дүниеге келген.
Бүгінге дейін әлем чемпионатында 2018, 2019 жылдары алтын медаль жеңіп алған
2019 жылы әлем кубогында жеңіс тұғырынан көрінсе, сол жылы Еуропа ойындарында да сол жетістігін қайталады.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.