ТОКИО. ҚазАқпарат - Токио Олимпиадасында қазақстандық Данияр Юлдашевтің (61 келі) карате-додан жартылай финалдағы қарсыласы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық спортшы жапониялық Рютаро Арагамен кездесті. Данияр қарсыласына 2:4 есебімен есе жіберді.
Даниярдың әлі Угур Ақташ (Түркия) және Гогита Арканиямен (Грузия) екі кездесуі бар.
Алғашқы жекпе-жегінде Данияр неміс Йонатан Хорнемен кездесіп, 4:4 есебімен тең түсті.
Ол В тобында сынға түсіп жатыр. Қарсыластары - Йонатан Хорне (Германия), Рютаро Арага (Жапония), Угур Ақташ (Түркия) және Гогита Аркания(Грузия).
Бүгін Даниярдан өзге Қазақстан сапынан Софья Берульцева ел намысын қорғауда. Ол тобында екінші орын алып, жартылай финалға жолдама алды. Қарсыласы - мысырлық Ферьял Әбделәзиз.
Айта кетейік,бұдан бұрын карате-додан Дархан Асаділ Олимпиаданың қола жүлдесін алды.
Фото: Тұрар Қазанғапов, Қазақстан ҰОК
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.