ТОКИО. ҚазАқпарат - Токио Олимпиадасында каратэ-додан қазақстандық Дархан Асадилов (67 келі) алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Дархан Асадилов түркиялық қарсыласымен сынға түсті. Кездесу аса тартысты өтті.
Дархан қарсыласын 6:2 есебімен жеңді. Енді онда алда үш жекпе-жек бар.
Д.Асадилов 1987 жылы 8 тамызда дүниеге келген. Әлем чемпионатында екі мәрте жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Азия чемпионатында бірнеше дүркін жүлделі болды.
Еске салсақ, қазірге дейін қазақстандық спортшылар төрт қола медаль алды.
Олардың қатарында дзюдошы Елдос Сметов, ауыр атлеттер Зульфия Чиншанло мен Игорь Сон, боксшы Қамшыбек Қоңқабаев бар.
ФОТО: Владислав Семенов, Қазақстан ҰОК
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.