67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Токио бозкілеміне шыққан Дәулет Ниязбеков жарыстың екінші айналымында қарсыласына жол берді.
Ол үш дүркін әлем чемпионы және Рио Олимпиадасының қола жүлдегері әзірбайжандық Нажи Алиевпен кездесті.
Кездесу 9:1 есебімен аяқталып, Әзербайжан өкілі жартылай финалға шықты.
Айта кетерлігі, Нажи Алиев финалға шыққан жағдайда жұбаныш белдесуінде күресуге мүмкіндік алады.
Фото: Жеңіс Ысқабай, Қазақстан ҰОК