Бесінші топта жарысқан Дмитрий 59,75 секундты көрсетіп, алтыншы орын алды. Ал қорытынды хаттамада Баландин 17-ші сатыға тұрақтады.
100 метрге брасс әдісімен жүзуден әзірге америкалық Майкл Эндрю үздік нәтиже тіркеді. Екінші орында англиялық Джеймс Уилби, үшінші орында германиялық Лукас Матцерат.