Ең көп лицензияны еркін күрес балуандары және садақ атушылар жеңіп алған. Аталған спорт түрлерінен төрт-төрттен барлығы 8 жолдама бар.
Екінші орында 3 жолдамаға иелік еткен жеңіл атлеттер мен тасжолдағы велоспортта сынға түсетін спортшылар тұр.
Ал жүзу спортынан - 2, грек-рим күресінен - 2, әйелдер күресінен 2 лицензия бұйырған болса, қазіргі бессайыстан тағы 2 жолдамамыз бар.
Келесі спорт түрлерінен әзірге Олимпиадаға бір-бірден жолдама бар - ашық суда жүзу, синхронды жүзу, спорттық құзға өрмелеу, спорттық гимнастика, стенд ату, нысана көздеу, каратэ.
Еске салайық, осы күндері Иорданияның Амман қаласында бокстан Азия-Тынық мұхиты аймағы елдерінің іріктеу турнирі өтіп жатыр. Бұл додадан кейін жолдамалар саны артады деген үміттеміз.