ТОКИО. ҚазАқпарат - Токио Олимпиадасында қазақстандық Милад Карими спорттық гимнастикадан кермеде жаттығу жасауда финалда жүлдегерлер қатарынан көріне алған жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оның көрсеткіші -11.266. Қазақстандық спортшы осылайша жүлдеге ілігетін спортшылар тізімінен шығып қалды. Ол бұдан бұрынғы іріктеу сатысында 14.766 көрсеткішімен екінші орын алған еді.
Еске салсақ, бұдан бұрын көпсайыста 14-орын алса, еркін жаттығу сайысының финалында бесінші орын алды.
Милад Карими бұдан бұрын Азия чемпионатында үш мәрте жүлдегерлер қатарынан көрінсе, 2019 жылы Жазғы универсиадада күміс жүлдегер атанды.
Бүгінге дейін Токио Олимпиадасында қазақстандық спортшылар үш қола медаль алды. Олардың қатарында дзюдошы Елдос Сметов , ауыр атлеттер Игорь Сон мен Зүльфия Чиншанло бар.
Қазақстандық боксшылар - Сәкен Бибосынов (52 келі) пен Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден жоғары) жартылай финалға жолдама алды.
Фото: Турар Казангапов, НОК РК
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.