ТОКИО. ҚазАқпарат - Токио Олимпиадасында қазақстандық Мөлдір Жаңбырбай (55 келі) каратэ-додан жартылай финалға шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Төртінші кездесуінде Мөлдір жапониялық Михо Мияхарамен шеберлік байқасты. Бұл ол жекпе-жекте қарсыласына 2:11 есебімен есе жіберді.
Михо Мияхара 1996 жылдың 3 қыркүйегінде дүниеге келген. Әлем чемпионатында 2018 жылы алтын алса, 2019 жылы күміс жүлдегер болды. Азия чемпионатында 2018 және 2019 жылдарда алтын мен күміске қол созды. Оған қоса Дүниежүзілік және Азия ойындарында жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Айта кетсек, Мөлдір Жаңбырбай В тобында сынға түсті. Ол алғашқы жекпе-жегінде мысырлық Радван Сайедті жеңсе, одан кейін австриялық Беттина Планкке есе жіберді.
Үшінші кездесуінде украиналық Анжелика Терлюгамен тең түсті.
Фото: Reuters / Annegret Hilse
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.