ТОКИО. ҚазАқпарат - Токио Олимпиадасында еркін күрестен қазақстандық Нұрислам Санаев (57 келі) жартылай финалда кіммен кездесетіні белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Нұрислам Санаев 1991 жылы дүниеге келген. Әлем чемпионатында 2018 жылы күміс, 2019 жылы қола жүлдегер атанды. Ал Азия чемпионатында 2018 жылы чемпион болса, 2017 жылы үшінші орын алды.
Қазақстандық балуан бұдан бұрын Гвинеи-Бисаудан келген Юна Фафе және жапониялық жапониялық Юки Такахасиді қапы қалдырып кетті.
Қазақстандық балуан бүгін жартылай финалда Рави Кумармен белдесуге шығады. Ол бұдан бұрын болгариялық Георгий Вангеловті 14:4 есебімен жеңді.
Рави Кумар 1997 жылы дүниеге келген. 2019 жылы әлем чемпионатында қола жүлдегер болды. 2020, 2021 жылдарда Азия чемпионатында алтын алды.
Жартылай финал елорда уақытымен 15:15-те басталады. Ад финал мен 3-орын үшін сайыс 5 тамызға белгіленген.
Фото: Жеңіс Ысқабай, Қазақстан ҰОК
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.