ТОКИО. ҚазАқпарат - Токио Олимпиадасында әйелдер арасында синхронды жүзуден техникалық бағдарламада жұптық сайыста Александра және Екатерина Немич жарыс жолынан шығып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық спортшылар 167.1005 балл жинады. Бұл финалға шығуға жеткіліксіз болатын. Оған жұптық жарыста алғашқы он екі орынға табан тіреген спортшылар қол жеткізді.
Бүгінге дейін Токио Олимпиадасында қазақстандық спортшылар үш қола медаль алды. Олардың қатарында дзюдошы Елдос Сметов , ауыр атлеттер Игорь Сон мен Зүльфия Чиншанло бар.
Қазақстандық боксшылар - Сәкен Бибосынов (52 келі) пен Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден жоғары) жартылай финалға жолдама алды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.