ТОКИО. ҚазАқпарат - Токио Олимпиадасында қазақстандық Софья Берульцева (61 келі) карате-додан алғашқы екі жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Екінші кездесуінде ол Италия спортшысы Сильвия Семераромен шеберлік байқасты. Қарсыласы - Еуропа ойындарының жеңімпазы болған тәжірибелі спортшы.
Десе де қазақстандық спортшы қарсыласын 5:1 есебімен қапы қалдырып кетті. Енді ол әзербайжандық Ирина Зарецкаямен кездеседі.
Қазақстандық спортшы бұдан бұрын түркиялық Мелтем Ходжаоғлымен шеберлік байқасты. Түркиялық спортшы Еуропа чемпионы, әлем чемионатының екі дүркін жүлдегері болған. Тәжірибелі қарсыласымен Софья 5:5 есебімен тең түсті.
Айта кетейік,бұдан бұрын карате-додан Дархан Асаділ Олимпиаданың қола жүлдесін алды.
Токио Олимпиадасы 8 тамызда мәресіне жетеді.
Фото: Тұрар Қазанғапов, Қазақстан ҰОК
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.