ТОКИО. ҚазАқпарат - Токио Олимпиадасында су добынан Қазақстан құрамасы Испаниядан жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қаазақстан В тобында сынға түседі. Қарсыластары - Черногория, Испания, Сербия, Хорватия, Австралия.
Бұған дейін қазақстандық спортшылар Хорватия (7:23) мен Сербияға (5:19) есе жіберіп қойған еді.
Бүгінгі ойында испаниялықтар басым ойнады. Нәтижесінде қазақстандықтар қақпасы маңында жиі бой көрсетті. Кездесу 16:4 есебімен Испанияның пайдасына аяқталды.
Енді Қазақстан құрамасы 31 шілдеде кездесуді Черногорияға қарсы өткізеді.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Олимпиадаға төртінші мәрте қатысып отыр. 2000 жылы жалпы командалық есепте тоғызыншы орынға табан тіреп, әзірге ол құраманың ең жоғары жетістігі ретінде тіркелген.
Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.